2016 жылғы 2 тамыз , Астана қаласы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 37 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9781 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережеде:
1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
8-тармақ алып тасталсын;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
4-2) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыстарды орналастыру туралы шешім қабылдау;»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу;»;
23-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ведомстволық бағынысты ұйым басшысын, оның орынбасарларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлікпен келісу бойынша тағайындайды;».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ. БИШІМБАЕВ